Каспий теңізімен Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы транзитті мұнай тасымалдау перспективалары үкімет отырысында талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізімен  Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы транзитті мұнай тасымалдау перспективалары үкімет отырысында талқыланды

Каспий теңізімен Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы транзитті мұнай тасымалдау перспективалары үкімет отырысында талқыланды

Каспий теңізімен Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы транзитті мұнай тасымалдау перспективалары үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен бүгін, 8-шілдеде үкіметте өткен кеңесте талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Шiлде 2004
  • 434
Фото - Caravan.kz

Әзірбайжандық тараптар мен болашақ инвесторлар Энергетикалық хартия хатшылығы ұсынған келісімдегі схемалар мен құрылымдарды қабылдауды ұсынып отыр. Бұл мұнай мен газды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйесін құру жөніндегі жобаны іске асыруға бағытталған. Ол сондай-ақ, осы жөнінде үкіметаралық келісімге қол қоюды, қабылдаушы жақпен екі арадағы келісімді ратификациялау жолымен күшіне енгізуді қарастырады.

Үкімет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері тарапынан кеңес барысында ортаға салынған Ақтау-Баку-Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы бойынша ұсыныстарын мақұлдай отырып, кеңеске қатысушылар назарын келіссөздер барысында бәрінен бұрын Қазақстанның мүддесі тұрғысынан қарау керектігіне аударды. Д.Ахметов мүдделі министрліктер мен ведомстволарға Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы » Мұнайды Каспий теңізімен Әзірбайжан аумағы арқылы транзитті тасымалдауға қолдау және көмек көрсету туралы» келісімнің жобасы бойынша сараптамалық жұмыстарды 10 күн ішінде аяқтауды тапсырды.
Кеңесті қорытындылай келе, үкімет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен бағдарламаға сәйкес, Ақтау теңіз айлағын одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстардың маңызына тоқталып өтті.

Перейти к новостям спорта