"Байлықтан тойынған қатын": Тұрсынбекпен "бірге өмір сүрмеймін" деген Мұқанованың басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байлықтан тойынған қатын": Тұрсынбекпен "бірге өмір сүрмеймін" деген Мұқанованың басы дауға қалды

"Байлықтан тойынған қатын": Тұрсынбекпен "бірге өмір сүрмеймін" деген Мұқанованың басы дауға қалды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова екеуінің арақатынасы жайлы жасырмады. 

  • 3 Тамыз 2023
  • 68024
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы продюсер Мөлдір Мұқанова Youtube-тегі Асхат Садырбай арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Мөлдір ханымның айтуынша, ол күйеуінің тоқал алуына түбегейлі қарсы. Ал, егер екінші әйел алған жағдайда, ол Тұрсынбекпен бірге тұрмайтынын кесіп айтты. 

"Барлық әйелдер секілді күйеуімнің тоқал алуына қарсымын. Егер ондай шешімі болып жатса, жолың ашық деймін. Бірге өмір сүрмеймін”, – деді Мөлдір Мұқанова.

Дейтұрғанмен, халық тарапынан Мөлдір Мұқанованы айыптау көп болды.