Астанада полицияның іздеуінде жүрген бір адам граната жарықшақтарынан жарақаттанып ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада полицияның іздеуінде жүрген бір адам граната жарықшақтарынан жарақаттанып ауруханаға түсті

Астанада полицияның іздеуінде жүрген бір адам граната жарықшақтарынан жарақаттанып ауруханаға түсті

Астанада Қостанай облыстық құқық қорғау мекемелерінің іздеуінде жүрген бір адам граната жарықшақтарынан жарақаттанып ауруханаға түсті.

  • 9 Шiлде 2004
  • 461
Фото - Caravan.kz

Астана қалалық ІІББ-нан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, 9-шілде күні 2 сағат 27 минутта Сарыарқа ауданында жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларының жасағы зардап шеккен еркекті тауып алды. Граната жарықшақтарынан жарақаттанған ол Астана қалалық 1-ауруханаға жатқызылды.

Қазір белгілі болғанындай, жаралы жігіт 1968-жылы Қостанайда туған. Оның айтуынша, Астанаға келгелі 5 күн болған. Қолдан жасалған граната оның өзінікі болып шыққан. Сондай-ақ, жігітті Қостанай облыстық ІІБ 1998-жылдан бері іздестіріп жатқаны анықталды.

Перейти к новостям спорта