Жиын «Қапланбек» шекаралық заставасының базасында өткізілуде. Оған Сарыағаш, Қызылорда және Тараз шекаралық отрядтарының шекаралық застава басшылары қатысуда.
8-шілде, бейсенбіде «Оңтүстік» аймақтық басқармасының бастығы Марат Мәжитов арнайы кеңес өткізіп, онда шекаралық заставаларды жабдықтау мәселесіне баса назар аударылды. Жиын барысында офицерлер далалық жаттығуларға қатысып, заставаларды аралап, шекара қорғау мәселесі бойынша өзара пікір алмасады.