Елімізде 80 мың талапкер грант және кредит үшін байқауға қатысуға ниет білдіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 80 мың талапкер грант және кредит үшін байқауға қатысуға ниет білдіруде

Елімізде 80 мың талапкер грант және кредит үшін байқауға қатысуға ниет білдіруде

2004-жылғы 9-шілдедегі мәлімет бойынша, республикамыздың жоғары білім ордаларына 80272 талапкер грант және кредит үшін байқауға қатысуға өтініш берді. Бұл туралы бүгін, 9-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік білім стандарттары мен тестілеу жөніндегі ұлттық орталығының директоры Тақыр Балықбаев хабарлады.

  • 9 Шiлде 2004
  • 650
Фото - Caravan.kz

Оның айтуына қарағанда, үміткерлердің арасынан 53 199 (66,3%) адам жоғары білімді қазақ, 27 073 адам (33,7%) орыс тілінде игеруге тілек білдірген. Байқауға қатысушылар арасында Бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқан 59 756, кешенді тестілеуге қатысушы 20 516 адам бар.

ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, грант жеңіп алуға ең жоғары байқау «әлеуметтік қызмет» және «аударма ісі» мамандықтары бойынша, кредит үшін ең жоғары байқау «филология: қазақ тілі» және «медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша байқалуда.
Т.Балықбаевтың айтуынша, «Алтын белгі» иегерлері грант үшін берген өтініштерінде бір ғана мамандық көрсетуі тиіс. Министрлік мәліметіне жүгінсек, «аймақтану» мамандығына тағайындалған 30 мемлекеттік грантқа «Алтын белгі» иегерлерінен 70 адам үміткер ретінде тіркелген. «Ең үздік оқушылар ретінде танылған бұл балалар байқаудан өтпей қалса, өкінішті болмақ. Дегенмен, 40 бала іріктелмей қалады дегенді әркім түсінуі керек»,- деді Т.Балықбаев. Осыған байланысты университеттерде талапкерлерді басқа да жақын мамандықтарға бағыттау мақсатында түсініктеме жұмыстары жүргізілуде.
Министрлік өкілдері жоғары оқу орындарында құжат қабылдау жұмыстары 10-шілдеде аяқталатынын еске сала отырып, журналистерге БАҚ арқылы «талапкердің қолында тестілеу қорытындысы туралы сертификаттың болғанына қарамастан, грант пен несиеден үміткерлер 10-шілдеге дейін құжат тапсырып бітуге тиіс. Мерзімінен кешіккен құжаттар қабылданбайды» дегенді ауыл тұрғындарына түсіндіруді өтінді.

Перейти к новостям спорта