Кездесу барысында 50-дей кәсіпкер фискалдық мекеменің жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, кәсіпкерлер салық мәселелері бойынша түсініктемелер алды.
М.Қадырбаевтың айтуынша, ашық есік күніне келген кәсіпкерлер де іс-қызметті жеңілдетуге бағытталған өз ұсыныстарын ортаға салды. Олардың басым бөлігі Салық заңнамасын жетілдіру бағытында. «Бұл ұсыныстарды біз парламентке ұсынуға тырысатын боламыз»,- деді комитет төрағасы.
Оның айтуынша, тіркеуден өткен салық төлеушілер саны бір жылда 20 процентке артқан. Бір кәсіпкер орта есеппен қала бюджетіне 81 мың теңге қосуда. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 15 процент артық,- деді М.Қадырбаев.