Жамбыл облысында Солтүстік-Оңтүстік жүйесі шеңберіндегі жоғары кернеулі екінші электр жалғастыру желісі тартыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында Солтүстік-Оңтүстік жүйесі шеңберіндегі  жоғары кернеулі екінші электр жалғастыру желісі  тартыла бастады

Жамбыл облысында Солтүстік-Оңтүстік жүйесі шеңберіндегі жоғары кернеулі екінші электр жалғастыру желісі тартыла бастады

Бүгін, 9-шілдеде Жамбыл облысындағы Шу станциясында Солтүстік-Оңтүстік бағытындағы транзитті тасымал жүйесі шеңберіндегі жоғары кернеулі екінші электр жалғастыру желісін тарта бастауға арналған салтанатты шара өтті. Желінің іргетасын қалау шарасына ҚР энергетика министрі Владимир Школьник, "KEGOC" ААҚ-ның президенті Қанат Бозымбаев, "Қазақстан даму банкі" АҚ-ның президенті Қамбар Шалғымбаев, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Астанадағы өкілі Арман Молдахметовтар қатысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Шiлде 2004
  • 612
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Солтүстік-Оңтүстік транзитті тасымал жүйесі шеңберіндегі екінші жоғары кернеулі электр жалғастыру желісінің қуаты 500 кВт/сағатқа, ал ұзындығы 1115 шақырымға тең. Жобаның бірінші кезеңінде Шу станциясынан Балхаштағы ЮК ГРЭС станциясына дейін 250 шақырымдық учаскені тарту, сондай-ақ, ЮК ГРЭС станциясын ұлғайтып, Шуда жаңа станция салу межеленген.

Жоғары кернеулі жаңа электр жалғастыру желісін тарту жұмыстарын қаржыландыру «KEGOC» ААҚ, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Қазақстан даму банкі» АҚ арасында 2004-жылдың наурыз айында қол қойылған, жалпы сомасы 81 млн. долларды құрайтын несиелік келісімге сәйкес жүзеге асырылады. Келісім бойынша Қазақстан даму банкі 15 жылға 21 млн. доллар, Еуропалық қайта құру және даму банкі 12 жылға 31 млн. доллар, Raiffeisen Zentralbank Osterreich AG және Bayerische Landesbank банктер синдикаты 9 жылға 29 млн. доллар бөлуі тиіс.
Жобаға қатысушылардың пікірінше, Солтүстік-Оңтүстік транзитті тасымал жүйесі шеңберіндегі екінші жоғары кернеулі электр жалғастыру желісін тарту нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік бөлігін электр қуатымен сенімді қамтамасыз етуге жағдай жасалып, Орталық Азия елдерінің энергия жүйесінен Ресейге электр қуатын тасымалдау тұрғысынан Ұлттық электр желісінің транзиттік мүмкіндіктері артады.

Перейти к новостям спорта