Екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қырғыз-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысы Бішкекте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қырғыз-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысы Бішкекте өтеді

Екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қырғыз-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысы Бішкекте өтеді

2004-жылдың 12-13-шілдесінде Бішкекте екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қырғыз-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысы өтеді.

  • 12 Шiлде 2004
  • 363
Фото - Caravan.kz

KZ-today ақпараттық агенттігінің Бішкектегі тілшісіне Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, отырыс барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономика, көлік, су-энергетика, көші-қон және басқа да салалардағы өзара ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы қаралады.

Қырғызстан жағынан комиссия жұмысын ЕурАзЭҚ-ның жанындағы Қырғызстан Республикасының тұрақты өкілі, үкімет басшысының орынбасары Базарбай Мәмбетов басқарады. Ал Қазақстандық өкілдерге ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник басшылық жасауда.