ҰҚК-нің Қарағанды облыстық департаменті Қырғызстанға контрабандалық жолмен кокс шығару арнасын жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚК-нің Қарағанды облыстық департаменті Қырғызстанға контрабандалық жолмен кокс шығару арнасын жойды

ҰҚК-нің Қарағанды облыстық департаменті Қырғызстанға контрабандалық жолмен кокс шығару арнасын жойды

ҰҚК-нің Қарағанды облыстық департаменті Қырғызстанға контрабандалық жолмен кокс шығару арнасын жойды. Бұл туралы Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында ҰҚК облыстық департаментінің төрағасы Шаймұрат Отарбаев хабарлады.

  • 12 Шiлде 2004
  • 528
Фото - Caravan.kz

Оның айтуына қарағанда, Қырғызстанға контрабандалық жолмен кокс шығару жұмысымен «Сары-Арқа көмір» ЖАҚ айналысқан. Кокс Қазақстаннан тысқары көмір түрінде шығарылып келсе керек. Кокс тиелген вагондардың үстінен полиэтиленмен жабылып, оның бетіне арзан көмір төселіп отырған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ҰҚКД қызметкерлері осындай амалмен тиелген 10 вагонды әшкереледі. Нәтижесінде 485 тонна кокс тәркіленді.
Жуырда облыстық сот ел аумағынан коксты заңсыз шығарып келген компания басшылығының үстінен үкім шығарды. Мемлекетке келген 5,4 млн. теңгенің шығыны өтелді.

Перейти к новостям спорта