"Қазақ шенеуніктеріне алақан жайғызып, "Аллаху акбар" айтқызып қойыпты": Желіде Астанада өткен дипломатиялық форум талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ шенеуніктеріне алақан жайғызып, "Аллаху акбар" айтқызып қойыпты": Желіде Астанада өткен дипломатиялық форум талқыланды

"Қазақ шенеуніктеріне алақан жайғызып, "Аллаху акбар" айтқызып қойыпты": Желіде Астанада өткен дипломатиялық форум талқыланды

Әлеуметтік желіде Астана қаласында тәліптермен өткен экономикалық форум жайлы талқыланды. 

  • 4 Тамыз 2023
  • 624
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

"Қазақстан соты "Талибан — терроршы ұйым" деген шешім шығырып, оның қандай да бір әрекетіне ел аумағында тиым салады да, осы шешімнің ізін суытпай тәліптерді қадірменді қонағындай Астанаға шақырып экономикалық форум өткізеді. Көпвекторлы дипломатияның үлке-е-ен жетістігі ғой мынау. Мұндай дипломатия ешбір елде жоқ шығар…

Ақордада, немесе әкімдікте жоғары лауазымды шенділердің қатысуымен жиналыс бола қалса, журналистерге "адамға ұқсайтындай кәстөм-шалбарыңды киіп, сақалыңды қырып, галстук тағып келіңдер" деп қатаң талап қояды. Сыптай болып келмегендерді Ақорданың есігіне жақындатпайтын еді бұ билік. Ал, мынау қауға сақал тәліптер ақ дамбалмен Астананың төрінде жалаң сирағын көстеңдетіп тайраңдап жүр ғой.

Әнеу бір жылдан бастап мемлекеттік телеарна эфирінен журналистерге "Ассалаумағалейкум, құрметті көрермен" деп амандасуға тиым салып еді. Мынау келген тәліптер қазақ шенеуніктеріне алақан жайғызып, "Аллаху акбар" айтқызып қойыпты. Міне, нағыз дипломатия деп осыны айтса болады", деп жазды.  


Оқырмандар да форумға қатысты: "Саясатқа дінді араластырмау керек", "Мыналар неге мәз", деп жазды.