Оңтүстік Қазақстан облысы мен ЦентрКредит банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысы мен ЦентрКредит банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Оңтүстік Қазақстан облысы мен ЦентрКредит банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, 12-шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев пен "ЦентрКредит банкі" АҚ басқармаларының төрағасы Владислав Ли өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Шымкенттен.

  • 12 Шiлде 2004
  • 465
Фото - Caravan.kz

Меморандум мақсаты — Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына инвестиция тарту арқылы тауар, еңбек және қызмет көрсету саласын қарқынды дамытуға түрткі болу және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру болмақ. Атап айтсақ, тараптар аймақ экономикасындағы басымдық берілген секторларда шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталған бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға, ұзақ мерзімді өнеркәсіптік және ауылшауашылығы жобаларын бірлесе қаржыландыруға құлшыныс білдіруде. Өзара ынтымақтастық басымдық берілген төрт бағыт бойынша, атап айтсақ, шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылығы өндірісін, құрылыс пен лизингтік бағдарламаларды несиелендіру бағытында дамытылмақ.

Облыс әкімі Б.Жылқышиев банкирлер назарын республиканың оңтүстік аймақтарындағы мақта шаруашылығы тиімді сала болумен бірге ауқымды несиені талап ететініне аудара кетті.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша банктің салалық бөлімшесі Шымкентте жұмыс істейді. Мұнда бір есеп-касса бөлімі жұмыс істейді. Жуырда тағы бір осындай бөлім ашу ойда бар. 1998-жылдан бері Шымкенттегі филиалда Еуропалық қайта құру және даму банкінің бағдарламасына сәйкес шағын бизнес секторы жұмыс істеп келеді.
2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен «ЦентрКредит банкі» АҚ-ның жарғылық қоры 5,1 млрд. теңге болды. Биылғы жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен банк активтері 104,9 млрд. теңгені құрап, жыл басынан бері 30 процентке өсті. 1-шілдеде банктің несиелік қоржыны 74 млрд. теңгеге жетті. Жыл басына бергі өсім 40 процентті құрады.

Перейти к новостям спорта