Тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха-"Оба" кеден бекеті бағытындағы жаңа жол пайдалануға беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха-"Оба" кеден бекеті  бағытындағы жаңа жол пайдалануға беріледі

Тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха-"Оба" кеден бекеті бағытындағы жаңа жол пайдалануға беріледі

Тамыз айында Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында Шемонаиха-"Оба" кеден бекеті бағытындағы жаңа жол пайдалануға беріледі. Ұзындығы 18 шақырымдық республикалық маңызы бар бұл жол Барнаул мен Өскемен арасындағы жолды 90 шақырымға қысқартады. Бұл туралы ҚР кедендік бақылау агенттігі ұйымдастырған халықаралық журналистік десант түсіру шарасында Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 12 Шiлде 2004
  • 535
Фото - Caravan.kz

Қазір Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейін созылатын бұл жолға асфальт төселмеген. Г.Акуловтың айтуынша, соның салдарынан Ресейден Зыряновск, Өскемен және Риддерге бет алған жүктер шалғай жатқан «Ауыл» және «Жезкент» кеден бекеттері арқылы өтуде. «Кәсіпкерлер әрбір тиынын санайтындықтан, жүктердің біраз бөлігі «Оба» кеден бекеті арқылы өтеді. Алайда, жаңбыр мол жауатын наурыз-мамыр айлары аралығында бұл бағыттағы құм жолды су шайып, көлік жүру мүмкін болмай қалады. Соның салдарынан өнімдерін сыртқа шығаруға мүдделі өнеркәсіп орындары зардап шегуде».

Жол салу жұмыстары 2004-жылдың мамыр айында басталған. Құны 141 млн. теңгені құрайды. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінген.

Перейти к новостям спорта