Ақтөбе облысындағы бірқатар су шаруашылығы қоймалары жеке меншік компанияларға жалға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы бірқатар су шаруашылығы қоймалары жеке меншік компанияларға жалға берілді

Ақтөбе облысындағы бірқатар су шаруашылығы қоймалары жеке меншік компанияларға жалға берілді

Ақтөбе облысындағы бірқатар су шаруашылығы қоймаларын жеке меншік компанияларға уақытша жалға беру жөніндегі ашық байқаудың қорытындысы шығарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық балық инспекциясы аймақтық басқармасының бастығы Алмаз Иманбеков хабарлады.

  • 12 Шiлде 2004
  • 1906
Фото - Caravan.kz

Тендерге қатысқан сегіз шаруашылық субьектісінің алтауы жеңіске жетті. Мәселен, тендер комиссиясының шешімімен «Степное» серіктестігіне Қарғалы су қоймасы, «Забота» өндірістік кооперативіне Сазды су қоймасы, облыстық балықшылар мен аңшылар қоғамына Ақтөбе су қоймасы уақытша пайдалануға берілді. Ал Ырғыз-Торғай өзен-көлдер жүйесіне енетін көлдер «Ақжан» ЖШС мен «Тастемір» шаруа қожалығына берілді. Ырғыз ауданындағы басқа тоғыз көл байқау қорытындысы бойынша «Ырғыз және К» ЖШС-інің иелігіне көшті.

Балық инспекциясы басқармасынан хабарлағанындай, тендер жеңімпаздары өздеріне сеніп тапсырылған су қоймаларындағы балық қорын арттыру және сапасын жақсарту жұмыстарын жүзеге асыруы тиіс. Сондай-ақ, жаңа қожайындар су қоймаларындағы экологиялық ахуалды жақсартып, ондағы өнеркәсіптік балық қорының тіршілік жағдайын қамтамасыз етуі тиіс. Жалға алушылардың іс-қызметін мемлекеттік балық инспекциясы қадағалайды.
Басқарма ақпаратына сәйкес, су шаруашылығы қоймаларын жалға алу мерзімі олардың тендер шартын орындау жағдайына қарай жыл сайын ұзартылып отырады. «Тиісті заң қабылданғаннан кейін алдағы уақытта су қоймалары 49 жылға ұзақ мерзіммен жалға берілетін болады»,- деді А.Иманбеков. Балық инспекциясындағылардың пайымдауынша, «көлдер мен өзендерді ұзақ мерзіммен жалға беру ғана потенциалдық жалға алушыларды қызықтырып, облыстағы өнеркәсіптік мақсаттағы балық қорын арттыруға жағдай жасайды».

Перейти к новостям спорта