Алматыдағы бір сотта "Ақжол" партиясының тең төрағасы Әбілов өзін өтірік ғайбаттады деп айыптаған депутат Тінікеевтің шағымы бойынша қылмыстық іс қарала бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы бір сотта "Ақжол" партиясының тең төрағасы Әбілов өзін өтірік ғайбаттады деп айыптаған депутат Тінікеевтің шағымы бойынша қылмыстық іс қарала бастады

Алматыдағы бір сотта "Ақжол" партиясының тең төрағасы Әбілов өзін өтірік ғайбаттады деп айыптаған депутат Тінікеевтің шағымы бойынша қылмыстық іс қарала бастады

Бүгін, 12-шілдеде Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевтің "Ақжол" партиясының тең төрағасы Әбілов өзін өтірік ғайбаттады деп айыптаған шағымы бойынша қылмыстық іс қарала бастады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 12 Шiлде 2004
  • 486
Фото - Caravan.kz

Депутаттың хабарлауынша, бүгін сондай-ақ, Алматыда М.Тінікеевтің Б.Әбілов, «31-арна телерадиокомпаниясы» ЖШС мен «Навигатор» газетінің қожайынына қарсы ар-ұждан мен іскерлік беделді қорғау және Б.Әбіловтың жалған жаласы салдарынан шеккен моральдық шығынды өтеп беру туралы азаматтық іс те қарала бастады. Азаматтық іс бойынша әрбір басылымға қатысты шағым мөлшері 1 млн. долларды құрайды.

«31-арна мен «Навигатор» газеті жұртшылық алдында кешірім сұраса, өз басым шағымды кері қайтарып алуға дайынмын»,- деді М.Тінікеев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Ақжол» партиясының тең төрағасы 7 және 16-мамырда республикалық тәуелсіз телеарнаның эфирінде М.Тінікеевті парламенттегі орынды иемдену үшін 100 мың доллар пара берді деп айыптаған. Бұған жауап ретінде мәжіліс депутаты Б.Әбіловтан таққан айыбына бір айда дәлел келтіруді және жұртшылық алдында кешірім сұрауды талап еткен. Олай болмаған күнде сотқа шағым түсіретінін айтқан мәжіліс депутаты бір айдан кейін уәдесін орындап, жалған жала жапқаны үшін Б.Әбіловты сотқа берді. Сондай-ақ, ол өзінің беделін түсіріп, ар-ұжданына нұқсан келтіргені үшін шағым түсірді. Шағым құны 10 млн. долларды құрайды.

Перейти к новостям спорта