Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, ҚР ақпарат министрлігі «Начнем с понедельника» газетін Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекстің 342-бабы бойынша БАҚ ретінде тіркеуден өтпегендігі үшін сотқа берген болатын. Газеттің бас редакторы Рамазан Есіргеповтың хабарлауынша, қазақ тіліндегі екі қосымша бет шығып, газет форматы өзгергеннен кейін газетке заңсыз таратылды деген айып тағылған. Қолданыстағы заң бойынша мұндай өзгерістер тек қайта тіркеуден өткеннен кейін барып қана жүзеге асырылуы тиіс.
А.Сәрсенбаевтың айтуынша, «қандайбір басылымдағы тілге қатысты мәселелер тек статистикалық тұрғыдан қажет болғандықтан, ол БАҚ-ты жабуға сылтау болуға тиіс емес».
Министрдің айтуынша, кешірім ресми түрде 13-шілдеде сұралады.
Ал саяси көзқарасына қатысты сауалға жауап берген А.Сәрсенбаевтың мәлімдеуінше, ол «Ақжол» партиясының жетекшілері қатарында қала береді. «Мен саяси көзқарасымды ауа айының құбылуына немесе орынтақ алмастыруға байланысты өзгертпеймін»,- деді ол.