Қазақстан республика ішіндегі темір жол тарифтерін Қырғызстанға транзитті өтетін жүктерге қолданбай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан республика ішіндегі темір жол тарифтерін Қырғызстанға транзитті өтетін жүктерге қолданбай отыр

Қазақстан республика ішіндегі темір жол тарифтерін Қырғызстанға транзитті өтетін жүктерге қолданбай отыр

Қазақстан республика ішіндегі темір жол тарифтерін Қырғызстанға транзитті өтетін жүктерге қолданбай отыр. Бұл туралы өзара ынтымақтастық жөніндегі Қырғыз-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысында Қырғызстан вице-премьері Базарбай Мәмбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today ақпараттық агенттігінің Бішкектегі тілшісі.

  • 13 Шiлде 2004
  • 488
Фото - Caravan.kz

Б.Мәмбетовтың айтуынша, Қырғызстанға транзитті өтетін жүктерге республика аумағында қолданылатын темір жол тарифтерін қолдану туралы уағдаластыққа президент Асқар Ақаевтың өткен жылғы желтоқсан айында Қазақстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген. Жеңілдетілген тарифтер биылғы жылдың қаңтар айында күшіне енуге тиіс болатын. Алайда, Қырғызстан вице-премьерінің айтуынша, күні бүгінге дейін олай болмай отыр. Қырғызстаннан шығатын транзитті жүктер жоғары тарифтермен тұншықтырылуда. Бұл Бүкіләлемдік сауда ұйымының тәртіптерін өрескел бұзу, деді Б.Мәмбетов. Ол Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше бір елдің өзі республиканы қабылдауға қарсылық білдірсе, онда Қазақстан ұйымға мүшелікке өте алмайтынын ескертті. Ал Қырғызстан 1998-жылдан бері Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше екені белгілі.

Б.Мәмбетовтың атап көрсетуінше, Қазақстанмен екі арадағы көлік байланысы жақсы жолға қойылғанына қарамастан, Қырғызстанға енгізілетін тауарлардың басым бөлігі Қытайдан әкелінуде. Өткен жылы Қазақстан темір жолы арқылы тасымалданған қырғыз тауарларының үлес салмағы Қазақстанның жалпы жүк айналымының небәрі 0,46 процентін құраған. Қазір бұл көрсеткіш 0,08 процентке тең. «Қазақстан үшін бұл тым мардымсыз»,- деді Б.Мәмбетов.
Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Қырғыз-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының екі күндік отырысы 12-шілде, дүйсенбіде Бішкекте басталған. Отырыстың күн тәртібіне Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономика, көлік, су-энергетика, көші-қон және басқа да салалардағы өзара ынтымақтастыққа қатысты 14 түрлі мәселелер топтамасы шығарылды.

Перейти к новостям спорта