ТМД бас пәтерінде 2005-2007-жылдарға арналған қылмыспен күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасының жобасын келісуге арналған отырыс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД бас пәтерінде 2005-2007-жылдарға арналған қылмыспен күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасының жобасын келісуге арналған отырыс өтеді

ТМД бас пәтерінде 2005-2007-жылдарға арналған қылмыспен күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасының жобасын келісуге арналған отырыс өтеді

2004-жылдың 13-15 шілдесінде Минскдегі ТМД бас пәтерінде 2005-2007-жылдарға арналған қылмыспен күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасының жобасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2005-2007-жылдарға арналған есірткі заттары, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының жобасын толықтырып келісуші сарапшылар тобының отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Шiлде 2004
  • 456
Фото - Caravan.kz

2005-2007-жылдарға арналған қылмыспен күрестің бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасының жобасын қабылдау ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне байланысты, делінген хабарламада.

Бағдарламада қарастырылған шаралар кешені ТМД елдеріндегі қылмыстық ахуалға жасалған талдау мен осындай ағымдарға жасалған болжамдарға, ғылыми зерттеулер нәтижесіне, қылмыспен күрес тәжірибесіне, соның ішінде, бұған дейінгі бірлескен шаралардың нәтижесі мен бағдарламаларды жүзеге асыру қорытындысына негізделген.
Бағдарламаның мақсаты ТМД-ға қатысушы елдер мен ТМД шеңберіндегі жарғылық және салалық мекемелердің қылмыспен күрес саласындағы өзара ынтымақтастығын жетілдіруге саяды. Бағдарламаның басты міндеттері мыналар : ТМД елдерінің өзара ынтымақтастығының халықаралық-құқықтық базасын нығайтып, аясын кеңейту; ұлттық заңнамалардың үйлесімділігін арттырып, жетілдіру; өзара келісілген мекемеаралық, профилактикалық, жедел-іздестіру және арнаулы шараларды ұйымдастыру; өзара ынтымақтастықты ғылыми және ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету; мамандар дайындау және мамандық жетілдіру саласында өзара байланыс орнату.
Ал ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2005-2007-жылдарға арналған есірткі заттары, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын қабылдауға дүниежүзіндегі есірткі саудасының жалпығаламдық және трансұлттық сипатқа көшіп, ТМД елдерінің ұлттық қауіпсіздігі мен халық денсаулығына тікелей қатер төндіре бастауы түрткі болды.
Бағдарламада қарастырылған шаралар кешені ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің есірткі заттары, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы Тұжырымдама ережелеріне, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің есірткі заттары, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы Келісіміне, ТМД елдеріндегі есірткі саласындағы қылмыстар мен заңсыз есірткі айналымына қатысты ахуалға жасалған талдау мен болжамдарға, бұған дейінгі бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесіне, халықаралық ұйымдардың нұсқаулары мен есірткі заттары, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес саласындағы әлемдік тәжірибеге негізделеді.

Перейти к новостям спорта