Ақтау теңіз айлағы Иранға астық жөнелту жұмыстарын қайтадан жандандырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау теңіз айлағы Иранға астық жөнелту жұмыстарын қайтадан жандандырды

Ақтау теңіз айлағы Иранға астық жөнелту жұмыстарын қайтадан жандандырды

"Асыл бидай" компаниясы Ақтау теңіз айлағынан 2003-жылғы астықтан 3 мың тонна арпа тиеген алғашқы кемелер тобын Иранға жөнелтті. Бұл туралы астық терминалының директоры Равиль Галямов KZ-today тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

  • 13 Шiлде 2004
  • 578
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазір астық қоймасында тағы 7 мың тонна арпа жатыр. Ол алдағы аптада Иранға жөнелтілуі тиіс. Тағы да Иранға бет алатын 4 мың тонна арпа келесі аптада Ақтөбе облысынан жеткізіледі. Сөйтіп, «Асыл бидай» ЖШС 11 мың тонна астық беру туралы бұрын қол қойған келісім шартын толығымен орындап шығады, дейді Р.Галямов.

Оның айтуынша, жаңа түсімнен астық сатып алу маусымы қыркүйектен сәуір айына дейін жалғасатындықтан, жазда астық жөнелту дәстүрі қалыптаспаған. Былтырғы маусымда ЖШС Ақтау теңіз айлағы арқылы 500 мың тонна астық жөнелтуді көздеген. Алайда, Ресей мен Украинада былтыр астық түсімінің төмен болуына байланысты теңіз айлағы арқылы астық жөнелту жұмыстары уақытша тоқтатылды. Аталмыш республикаларға астық темір жол арқылы жіберіліп, айлақ арқылы 2,3 мың тонна арпа тиеген жалғыз ғана кемелер партиясы Әзербайжан бағытында жөнелтілді.
Ақтау теңіз айлағындағы астық терминалы 2001-жылдың мамыр айының соңында пайдалануға берілген. 2003-жылы айлақта 9 мың тонна астықты уақытша сақтауға арналған қосымша қоймалар салынды. Нәтижесінде терминал қуаты 22,5 мың тоннаға жеткізілді.
«Асыл бидай» ЖШС — еліміздің «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының» салалық компаниясы болып табылады. Ол 2003-жылдың қазан айынан бері Ақтаудағы астық терминалын иелікке алған.
2001-2002-жылдардың қыркүйек-сәуір айларында Ақтау теңіз айлағы арқылы 250 мың тонна астық жөнелту жоспарланып, іс жүзінде 283 мың тонна астық жіберілді.

Перейти к новостям спорта