Шығыс Қазақстан облыстық кедені бюджетке 5 млрд. теңге қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық кедені бюджетке 5 млрд. теңге қосты

Шығыс Қазақстан облыстық кедені бюджетке 5 млрд. теңге қосты

Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаменті 2004-жылдың алғашқы жартысында бюджетке 5,08 млрд. теңгенің кедендік төлемдерін аударды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Ерікжан Әбдірахманов ҚР кедендік бақылау агенттігінің ұйымдастыруымен халықаралық журналистік десанттың түсуіне байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 13 Шiлде 2004
  • 363
Фото - Caravan.kz

Кедендік төлемдер мен алым мөлшерінің өсімі 2003-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 21 процентті құрады. Төлемдер арасынан қосымша құн салығының үлес салмағы өте жоғары, 85 процентті құрады.

Сондай-ақ, кедендік бақылау департаменті 8,5 млн. теңгенің айыпұлын өндіріп алып, контрабанда деректері бойынша 46 қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 1,5 мың іс қозғап, 90 кило есірткі, соның ішінде 9,6 кило героин тәркіледі.

Перейти к новостям спорта