"Елге тілек" акциясы басталғаннан бері "Асар" партиясы 24 мыңдай қазақстандықты сауалнамаға тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елге тілек" акциясы басталғаннан бері "Асар" партиясы 24 мыңдай  қазақстандықты сауалнамаға тартты

"Елге тілек" акциясы басталғаннан бері "Асар" партиясы 24 мыңдай қазақстандықты сауалнамаға тартты

23-маусымда "Асар" партиясының халыққа арналған "Елге тілек" акциясы басталғаннан бері еліміздің 24 мыңдай азаматы сауалнамаға қатысты. Бұл туралы партия төрайымының орынбасары Сергей Киселев бүгін, 13-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 13 Шiлде 2004
  • 1044
Фото - Caravan.kz

Партия мүшесі Қымбат Хангельдинаның айтуынша, бұл шараның түпкі мақсаты партияның алға қойған міндеттерін қарапайым қазақстандықтардың мүддесі мен тілектеріне жақындата түсуге деген талпыныстан туындады. Мәселен, егер социологиялық сауалнамаға қатысушылар оған жасырын жауап беріп, өзіндік тұлғалық сипаттан айрылатын болса, керісінше, аталмыш шараға қатысушылар анкетаға өз қолдарын қойып, партияға өз еркімен сұраныстарын білдіреді. Осындай жолмен жиналған талап-тілектер өңделіп, партияның кеңейтілген бағдарламасына қамтылады. Ал жергілікті жерлерде шешімін таппаған тауқыметтер мейлі аймақ, мейлі республика көлемінде болмасын, жоғарғы билік деңгейінде партияның күш-жігерімен шешіледі. «Біз үшін жеке азаматтар пікірінің маңызы зор»,- деді Қ.Хангельдина.

Әзірге Алматылықтар ғана әсіре белсенділік танытуда. Алматыда барлығы 13 мың анкета жиналды. С.Киселевтің айтуынша, Алматы тұрғындарын көбінесе экологиялық проблемалар, соның ішінде ауа тазылығы, ПИК-тердің жұмысы сынды коммуналдық тауқыметтер, жолдардың ахуалы мен жұмыссыздық мәселелері ерекше толғандырады екен. Анкеталардың 80 процентінде түрлі проблемаларды шешудің нақты жолдары келтірілген. Олардың арасында бұрын-соңды естіп-білмеген экзотикалық амалдардан бастап нақты жүзеге асатындары да бар, дейді С.Киселев. Ол сондай-ақ, анкетаны тапсырған 400-дей адам партияға мүшелікке өткенін хабарлады.
Бүгінде «Асар» партиясының «Елге тілек» атты ақпараттық тақтайшалары республикамыздың барлық облыстық қалаларында, соның ішінде Жезқазған мен Семейде де жұмыс істеуде. С.Киселевтің айтуынша, тауқыметтер түріне қарай анкеталарды бірнеше топқа бөлуге болады. Соның ішінде баспана, жұмыссыздық, жеңілдіктер мен жәрдемақылар тауқыметі, ал аудандарда жылу, су және экологиялық түйткілдер алға тартылуда.
Анкетаға жауап бергендердің басым бөлігі сайлаушыларға депутаттарды кері шақырып алу мүмкіндігін беру туралы бастама көтеруде, дейді «Асар» партиясы төрайымының кеңесшісі Мұрат Қалматаев. Бұл тақырыпты адамдардың 70 проценті көтерген. М.Қалматаевтың пікірінше, сайлаушылардың мұндай ұстанымға ден қоюына бұрын сайланған депутаттардың сайлаушылардан қол үзіп қалуы, олардың өзара байланыс пен тәуелділікті, сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін сезіне алмауы түрткі болуда.

Перейти к новостям спорта