Петропавл түрмесінде қамаудағы адамның өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл түрмесінде қамаудағы адамның өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелді

Петропавл түрмесінде қамаудағы адамның өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелді

Петропавлдағы ЕС 164/3 түзету мекемесінде қамаудағы адамның өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелді. 13-шілде, сейсенбі күні таңертеңгі сағат 7-де түрменің карантин бөлімінде жазасын өтеуші Руслан Доскиев есімді азамат асулы тұрған жерінен табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесінің басқарма бастығының орынбасары Арғын Байтасов хабарлады.

  • 14 Шiлде 2004
  • 860
Фото - Caravan.kz

22 жастағы Р.Доскиев абақтыда биылғы жылдың мамыр айынан бері отырған. ҚР Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» жөніндегі 177-бабы бойынша 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айрылған оның жаза мерзімі 2004-жылдың 30-қаңтарынан басталған. Бұған дейін сотталмаған.

А.Байтасовтың айтуынша, жергілікті қылмыстық атқару жүйесі басқармасының басшылығы үшін бұл мүлдем күтпеген оқиға болды. Сол себепті сотталған азаматтың өз-өзіне қол жұмсау себептері туралы әзірге ешқандай жорамал жоқ. Түрме әкімшілігі Р.Доскиевке оң мінездеме беруде. Карантиннен кейін ол отряд бастығының көмекшісі ретінде осында қалдырылған. А.Байтасовтың пікірінше, Р.Доскиевтің дәрігерлік анықтамаға сәйкес сезім-жүйке аурулары ауруханасында тіркеуде тұруы ғана оқиғаға басты себеп болуы ықтимал.
Ингуш ұлтының тумасы Р.Доскиев Целиноградта туып, Петропавлда тұрған. Онда жігіттің анасы мен көңілдесі қалды. Жігіт өлер алдында хат жазып қалдырмапты. Оның денесінен зорлық-зомбылық іздері де табылмады. Бұл іс бойынша тергеу жұмыстарын Петропавл қалалық ІІБ жүргізіп жатыр.

Перейти к новостям спорта