Шереметьево әуежайында "Эйр Астана" ЖАҚ-на қарасты ұшақтың қозғалтқышын тексеруге бағытталған жұмыстар барысында техниктің қаза табу себептерін анықтау үшір арнайы комиссия құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шереметьево әуежайында "Эйр Астана" ЖАҚ-на қарасты ұшақтың қозғалтқышын тексеруге бағытталған жұмыстар барысында техниктің қаза табу себептерін анықтау үшір арнайы комиссия құрылды

Шереметьево әуежайында "Эйр Астана" ЖАҚ-на қарасты ұшақтың қозғалтқышын тексеруге бағытталған жұмыстар барысында техниктің қаза табу себептерін анықтау үшір арнайы комиссия құрылды

Шереметьево әуежайында "Эйр Астана" ЖАҚ-на қарасты ұшақтың қозғалтқышын тексеруге бағытталған жұмыстар барысында техниктің қаза табу себептерін анықтау үшір арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шереметьево халықаралық әуежайының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Шiлде 2004
  • 477
Фото - Caravan.kz

Комиссия құрамына Федералдық көлік бақылауы қызметінің, Мәскеу авиатранспорттық прокуратурасының, Шереметьево халықаралық әуежайының желілік ішкі істер басқармасының мамандары енді.

Баспасөз қызметінен хабарлағынындай, әзірге төтенше оқиғаның себептері туралы сөз қозғау ерте. Оқыс оқиғаның егжей-тегжейі туралы комиссия тексеруінен кейін түсініктеме беріледі. Қазіргі жағдаймен комиссия көліктегі қауіпсіздік ережелін бұзу — оқыс оқиғаға басты себеп болуы мүмкін деген болжамға ден қоюда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Эйр Астана» ЖАҚ-на қарасты ұшақтың қозғалтқышын тексеруге бағытталған жұмыстар барысында Мәскеудегі Шереметьево әуежайының инженерлік қызметінің технигі қаза тапты. Қайғылы оқиға 13-шілде күні түнгі сағат 4-те Боинг 737-700 ұшағын Мәскеу-Алматы бағытындағы сапарға дайындау барысында болған.

Перейти к новостям спорта