Оның сөзінше, енді "Қазақтелеком" компаниясы осы видео үшін блогермен соттаспақ, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz— ке сілтеме жасап хабаралайды
Ол өзінің атына "Қазақтелеком" компаниясынан хат келгенін айтады. Бірақ, блогердің сөзінше, интернет туралы видеосында бірде-бір рет "Қазақтелекомды" атамаған. Сондай-ақ, ол видеоны елдегі интернет Токиодағыдан да жылдамырақ деген жаңалықтан кейін түсіргенін жеткізді.
Блогердің айтуынша, видеода аталған компания ойдан шығарылған. Сонымен қатар, блогер заңгерлерден көмек сұраған.
"Қазақтелекомды" атамасам да, хатта заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргенім айтылады. Мүмкін, олардың субъективті пікірі бойынша өздерін "Қо*ақтелеком" деп санайды. Алайда бұл "Қазақтелекомға" ешқандай қатысы жоқ, ойдан шығарылған компания", — дейді блогер.
Бұл мәселеге қатысты "Қазақтелеком" компаниясы өкілдеріне хабарластық.
"Қазақтелеком" АҚ компаниясы "mura_nukin" лақапаты бар блогерге талап-арызбен сот органдарына жүгінуге ниетті деген ақпаратқа қатысты 30 шілдеде TikTok, Youtube, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде аталған блогер "Қо*ақтелеком" компаниясына қоңырау шалу туралы скетч түсірген. Үнқатымда "Қазақтелеком" АҚ (үш бөліктен тұратын күрделі сөз) компаниясының 2/3 атауы қолданылған.
Сонымен қатар, компания атауындағы екпін соңғы буынға түскендіктен, нарықта және көпшілік көрермендер, әлеуметтік желі қолданушылары мен клиенттер оған баса назар аударады. Мазмұны тұрғысынан қорлық сөз болып саналатын жалған компанияның атауы "Қазақтелеком" АҚ-мен байланысты екендігі ішкі бейне сараптамамен және құқықтық бағамен расталды", — делінген компанияның ресми жауабында.
Алайда, компания мәліметінше, жолданған хатта сот ісі туралы сөз болмаған.
"Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, блогерге дөрекі және әдепсіз бейнебаянды жою ұсынылған шағым жолданды және хабарламада сот ісі туралы сөз болған жоқ", — делінген компания жауабында.
Еске салайық, жақында Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы интернеттің сапасына қатысты мәселені көтеріп, елордадағы интернет пен ұялы байланыстың тұрақтылығы көп нәрсені талап ететінін айтқан болатын.
Бұған жауап ретінде Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин радиофобтарды және жалпы қазақстандықтарды кінәлаған болатын.
Бағдат Мусин қазақстандықтарды интернетті үнемдеуге шақырды
Сондай-ақ, министрдің сөзі Қазнетте хит болып, жұрт әзілге айналдырды. Кейін тіпті Желіде министр Мусинді отставкаға жіберу туралы петиция пайда болды. Танымал блогер Лодочников та Мусинді өтірік айтпауға шақырды.