АҚШ Қорғаныс министрлігі Гуантанамо базасында қамауда отырған тұтқындардың ісін қарайтын трибуналдар жұмысын қолға алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қорғаныс министрлігі Гуантанамо базасында қамауда отырған тұтқындардың ісін қарайтын трибуналдар жұмысын қолға алмақшы

АҚШ Қорғаныс министрлігі Гуантанамо базасында қамауда отырған тұтқындардың ісін қарайтын трибуналдар жұмысын қолға алмақшы

АҚШ Қорғаныс министрлігі Гуантанамодағы әскери-теңіз базасында қамауда отырған тұтқындардың ісін қарайтын трибуналдар жұмысын қолға алмақшы. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросы таратқан хабарламада айтылған. Қазір базада қамауда отырған азаматтарға олардың заңды құқықтарын таныстыру процессі басталды.

  • 14 Шiлде 2004
  • 498
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Гуантанамо базасында АҚШ әскерлері 2002-жылы Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысына қарсы соғыс қимылдары кезінде қолға түскен тұтқындар қамалған. Қазір базада дүниежүзінің 40 мемлекетінің 594 адамы отыр. АҚШ олардың мәртебесін «лаңкестікпен күресте қарсыластар жағында соғыс қимылдарына қатысушылар» ретінде анықтады. АҚШ-қа қарсы әрекеттерді қолдаушы ретінде айыпталған кез-келген азамат қарсыластар жағында соғыс қимылдарына қатысушы боп танылады.

ҚР ҰҚК-нің мәліметі бойынша Гуантанамода Қазақстанынң 4 азаматы отыр.
9-шілдеде АҚШ Қорғаныс министрлігі тұтқындардың құқықтарын таныстыруды 15-шілдеге дейін аяқтау туралы тапсырма берді. АҚШ әскери теңіз күштерінің министрі Гордон Инглендтің айтуынша, бұл біршама «күрделі шаруа» болып тұр. Өткені, Гуантанамо базасында отырғандар 17 тілде сөйлейді. Олардың арасындағы сауатсыздарына құқықтары туралы ақпарат сол тілде ауызша жеткізіледі.
Г.Инглендтің хабарлауынша, процесс ресми түрде басталғаннан кейін үш комитет аптасына алты мәрте отырыс өткізбек. Күніне 72 тұтқынның ісі қаралады деп күтілуде. Бұл қамаудағылардың ісін 3-4 айда талқылап бітуге мүмкіндік береді.
Тұтқындар трибунал алдына ерікті түрде шақырылады. Олардың әрқайсысына соғыс қимылдарына қатысушы санатына қосуға қарсылық білдіруге құқық беріледі. Егер әлдекімнің соғыс қимылдарына қатыспағаны анықталып жатса, ондай адам АҚШ Мемлекеттік департаментінің желісімен отанына кері қайтарылады.
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің запастағы контр-адмиралы Джейсм Макгарр трибуналдарды шақыруға жауапты тұлға ретінде тағайындалды.

Перейти к новостям спорта