«Ұл ма, қыз ба, өзімізде білмейміз»: Атышулы «Қалаулымның» қатысушысы тағы да сәбилі болатынын мәлім етті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ұл ма, қыз ба, өзімізде білмейміз»: Атышулы «Қалаулымның» қатысушысы тағы да сәбилі болатынын мәлім етті

«Ұл ма, қыз ба, өзімізде білмейміз»: Атышулы «Қалаулымның» қатысушысы тағы да сәбилі болатынын мәлім етті

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы, блогер Елшін Жанерке тағы да сәбилі болатынын айтып, көптен сүйінші сұрады.

  • 10 Тамыз 2023
  • 280
Фото - Caravan.kz


Ол әзірге нәрестенің ұл, қыз болатынын білмейтінін жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Сүйінші жаңалығымен блогер өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Аллаға шүкір! Ақ тілегін жаңбырша жаудырып жатқан сіздерге Аллам сұрағандарыңызды үйіп-төгіп бере берсін!

Көбіңізді қызықтырған сұрақ — “ұл ма, қыз ба?” Расымызды айтсақ, өзіміз де білмейміз. Узист жазып берген хатты әлі ашпадық. Айдан астым уақыт өтті.

Гендер пати жасаймыз ба, жоқ па — оны Ерекең шешеді. Мейірімі түсіп, бір күні келісіп қалар. Ал құрбыларыма арнап “Құрсақ шашу” мерекесін міндетті түрде жасаймын, бұйырса. Сіз кім деп ойлайсыз?», — деп жазды ол.