Темір жол тарифтерін 20 процентке қымбаттату Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің 2%-ке азаюына апарып соғады- ҚР жұмыс берушілерінің конфедерациясы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Темір жол тарифтерін 20 процентке қымбаттату Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің 2%-ке азаюына апарып соғады- ҚР жұмыс берушілерінің конфедерациясы

Темір жол тарифтерін 20 процентке қымбаттату Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің 2%-ке азаюына апарып соғады- ҚР жұмыс берушілерінің конфедерациясы

"Қазақстан темір жолы" ҰК алдағы уақытқа жоспарлап отырған темір жол тарифтерін 20 процентке қымбаттату Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің 2%-ке азаюына апарып соғады. Бұл туралы ҚР жұмыс берушілері конфедерациясының атқарушы директоры Арсен Оспанов бүгін, 14-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің салааралық баланс негізінде жасаған есебі осындай.

  • 14 Шiлде 2004
  • 850
Фото - Caravan.kz

А.Оспановтың айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 10-шілдеде жүк жіберушілер, экспедиторлық және оператор компанияларға хабарлама жолдап, 2004-жылдың 20-шілдесінен бастап магистральды темір жол желісінің қызметіне жаңа тариф белгіленетінін, оны ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі бекіткенін жеткізді. Сондай-ақ, локомотивтік сүйретпе қызметі мен вагон шаруашылығы қызметіне де Ұлттық компания өз бетімен белгілеген жаңа тариф енгізіледі. Жалпы алғанда республика ішіндегі бағыттар бойынша темір жол тасымалыынң тарифі 20 процентке, экспорттық бағыттарда 28 процентке қымбаттағалы отыр. Соның салдарынан астық тасымалы 23 процентке, экспорт 28 процентке, көмір тасымалы тиісінше 19 және 28 процентке, мұнай тасымалы тиісінше 23 және 28 процентке қымбаттамақшы.

Тасымалдаушылар мен вагон операторлары қауымдастығының атқарушы директоры Лариса Смирнованың пікірінше, тариф бұл жолы ешбір негізсіз көтерілді. 2004-жылға арналған индикативтік тарифтік болжам бойынша Қазақстан темір жолы үшін баға өсімі 5,8 процентті құрады. Сондықтан тарифті бірден 20 процентке өсіру компанияның қызметін тұтынушылар үшін мүлдем күтпеген оқиға болды.
Содай-ақ, тарифтің өсуін «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның экономикалық ауыр ахуалымен байланыстыру да қисынға келмей отыр. Өйткені, жарияланған баланс бойынша 2003-жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның таза пайдасы 130 млн. долларды құраған. Осыған сәйкес, компания жүк тасымалы есебінен жолаушы тасымалына 150 млн. доллардың айқаспалы субсидиясын бөлді.
Есеп бойынша, тарифті көтеру ішкі рыноктағы өнімдерге деген сұраныстың төмендеуіне алып келмек. Мәселен, кокс өндіру және мұнай айдау көлемі 20,2 млрд. теңгеге, сауда-саттық пен қызмет көлемі 17,2 млрд. теңгеге, машина, жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндіру 8,4 млрд. теңгеге, металл өндіру және өңдеу 1,5 млрд. теңгеге қысқарады.
Тарифтерді көтеру бұған қоса жекелеген кәсіпорындардың экономикасына да нұқсан келтіргелі отыр. Мәселен, «Қазфосфат» ЖШС үшін темір жол тарифтерінің көтерілуі ақырғы өнім құнының 15 процентке, ал ауылшаруашылығына арналған өнімдердің 23 процентке қымбаттауына апарып соғайын деп тұр, дейді компанияның вице-президенті Арсен Мұқашев. Экспорттық келісім-шарттарының біраз бөлігі орындалмай қалатын болды. 2005-жылы келісім-шарттардың құны 30 процентке азаюы мүмкін.
Осыған байланысты ҚР жұмыс берушілерінің конфедерациясы, Тасымалдаушылар мен вагон операторлары қауымдастығы мен бірқатар кәсіпорындар үкіметке осы мәселе бойынша мүдделі жақтарды түгелдей қатыстыра отырып арнайы үкімет кеңесін өткізіп, ҚТЖ ҰК-ның шығындарына талдау жасауды ұсынды.

Перейти к новостям спорта