2004-жылдың мамыр айында Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының жиынтық жеке капиталы 0,6%-ке өсіп, 16,9 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың мамыр айында Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының жиынтық жеке капиталы 0,6%-ке өсіп, 16,9 млрд. теңгені құрады

2004-жылдың мамыр айында Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының жиынтық жеке капиталы 0,6%-ке өсіп, 16,9 млрд. теңгені құрады

Еліміздегі сақтандыру ұйымдарының жиынтық жеке капиталы 2004-жылдың мамыр айында 0,6 процентке артып, 16,9 млрд. теңгеге жетті. Сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 2,2 процентке артып, 32,4 млрд. теңгеге, ал сақтандыру резервтері 15,4 млрд. теңге болды. Бұл туралы бүгін, 14-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова хабарлады.

  • 14 Шiлде 2004
  • 517
Фото - Caravan.kz

2004-жылғы бастапқы бес айында сақтандыру сыйақысының көлемі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 5,3 млрд. теңгеге өсіп, 16,0 млрд. теңгеге жетті (49,5%). Соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысының көлемі 2,1 млрд. теңгеге жетті (1,1 млрд. теңгеге немесе 110,0% артық).

Ерікті жеке сақтандыру сыйақысы 1,7 млрд. теңге ( 0,8 млрд. теңге артық (88,9%)), ерікті мүлік сақтандыруы бойынша 12,2 млрд. теңге (3,4 млрд. теңгеге артық (38,6%)) болды.
Сақтандыру төлемдерінің көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 73,3%-ке артып, 2,6 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеге артық. Соның ішінде міндетті сақтандыру саласы бойынша 175%-ке өсіп, 1,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,7 млрд. теңгеге артық. Ал ерікті жеке сақтандыру саласы бойынша 25,0%-ке өсіп, 0,5 млрд. теңгеге (былтырғыдан 0,1 млрд. теңге артық), ерікті мүлік сақтандыруы төлемдері 25,0%-ке өсіп, 1,0 млрд. теңгені (0,2 млрд. теңге артық) құрады.
2004-жылғы 1-шілдедегі жағдаймен, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 36 сақтандыру ұйымы лицензия алған. Соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 2 ұйым, көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласы бойынша 27 ұйым лицензияға ие. Сондай-ақ, 6 сақтандыру брокері, 30 актуарий және сақтандыру ұйымдарына аудиторлық тексеру жүргізу құқығына лицензия алған 34 аудиторлық ұйым мен 67 аудитор тіркелген. 13 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сот шешімімен еріксіз таратылу барысында.

Перейти к новостям спорта