Елімізде зейнетақы рыногы субьектілерінің қаржылық құралдарының түрін көбейту көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде зейнетақы рыногы субьектілерінің қаржылық құралдарының түрін көбейту көзделіп отыр

Елімізде зейнетақы рыногы субьектілерінің қаржылық құралдарының түрін көбейту көзделіп отыр

ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі басқармаларының 12-шілде, дүйсенбіде өткен соңғы отырысында еліміздегі зейнетақы рыногы субьектілерінің қаржылық құралдарының түрін көбейту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы бүгін, 14-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова хабарлады.

  • 14 Шiлде 2004
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Мұндай шешім зейнетақы активтерін инвестициялық басқару іс-шараларының тәртібіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін және олар әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді»,- деді ол.

Мәселен, Е.Бахмутованың айтуынша, «екінші деңгейлі банктерге, Халық банкі мен Ұлттық банктегі салымдар мөлшерін 10 проценттен 15 процентке арттыру межеленген. Сондай-ақ, зейнетақы рыногы субьектілерінің ұсынысы бойынша салым мерзімі 3 айдан 1 жылға дейін ұзартылды».
Бұған қоса, «сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген құнды қағаздар мен ипотекалық құнды қағаздарға жұмсалатын салым шектеуін 15 проценттен 20 процентке дейін арттыру көзделген»,- деді Е.Бахмутова.
Агенттік шешімімен «бұдан былай тек тазартылған алтынға ғана емес, сонымен бірге тазартылған құнды металдарға 5 процент мөлшерінде, шетелдік эмитенттердің инвестициялық қорларына пай ретінде 30 процентке дейін қаржы жұмсауға болады».
«Қаржылық құралдардың мұндай түрлері біздің пікірімізше, осы саладағы ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта