Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар? - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар?

Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар?

Бүгін Қазақстанда Абай күні! Ұлы ойшыл күніне орай Ұлттық статистика бюросы ақын есімімен аттас қазақстандықтар туралы статистиканы жариялады.

  • 10 Тамыз 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі – 2050 адам. Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада көп – 1930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ойшыл есімі бар тұрғын саны Ұлытау өңірінде ең аз – 194 адам. Ақынның туған өлкесінде (Абай обл.) 238 адам тұрады.

Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында 8231 адам.