Корея әуежайында қашып кеткен екі отандасымызға қатысты сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Корея әуежайында қашып кеткен екі отандасымызға қатысты сот үкімі шықты

Корея әуежайында қашып кеткен екі отандасымызға қатысты сот үкімі шықты

Оңтүстік Корея еліне жұмысқа барып, әужайдан заңсыз қашып кеткен 2 қазақ жігітіне қатысты сот үкімі шықты.

  • 10 Тамыз 2023
  • 1175
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кеткен деп айыптаған. Екеуі де кінәсін толық мойындап, тергеу уақытында 3 ай қамауда болған,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Корея соты екі жігітті айыппұл төлетіп, елге қайтаратын болды. Бұл сүйінші хабармен заңгер Мейрман Шекеев өзінің әлеуметтік парақшасында бөлісті. 

"Алақаааай. Бұл Қазақстанның халықаралық тағы бір белді жеңісі. Енді Кореядағы екі жігіт 3 жылға түрмеге тоғытылмай, айыппұл төлеп, елге қайтатын болды. Барлық мақтау, мадақ Аллаға тән. Мен тек себепшімін. Кешелі бері дұғада болып, тілекші болып жатқан баршаңызға мың алғыс. Арнайы осы мәселені алғашқы болып көтерген "Көреміз" бағдарламасына, соның ішінде мені әрдайым ұмытпайтын Руслан Өтепбай бауырыма, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, соның ішінде ҚР Кореядағы консулдары Аслан, Бауыржан бауырларыма, бәріңе, бәріңе мың алғыс! Айтар, жазар нәрселер көп. Бірақ әлі бітіретін шаруалар жетіп жатыр. Алла қаласа амандықта жүздесейік", — деп жазды заңгер. 

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 наурызында Оңтүстік Корея еліне жұмысқа барған екі отандасымыз Инчхон әуежайында биіктігі 3.6 метр қоршаудан секіріп өтіп, қашып кеткен болатын. Кейін олардың бірі Таджона қаласында ұсталып, екіншісі 3 күннен кейін өз еркімен полицияға келген еді.