Петропавл қаласының іргесіндегі бұл өндірістің соңғы өнімі осыдан үш жыл бұрын шыққан. Алайда, сол тұста қалада құрылыс салу саябырсып қалуына және басқа да себептерге байланысты зауыт жұмысы тоқтатылған. Аймақта жаңа құрылыс бағдарламасы қабылдануына байланысты зауыт жұмысын қайтадан жандандыру қажеттігіне қатысты әңгіме осыдан бірнеше ай бұрын бас көтерді.
Кәсіпорын биыл 3 млн. дана кірпіш шығарады деп күтілуде. Тұсаукесер рәсімінде Т.Мансұровтың хабарлағанындай, «бұдан былай Омбы мен Курганнан кірпіш тасу тауқыметінен құтылдық». Сондай-ақ, кешікпей Уәлиханов ауданында жылына 5 млн. дана кірпіш өндіретін тағы бір зауыт өнім шығара бастайды.
Жаңадан ашылған «Қызылжар кірпіш зауыты» ЖШС іргелес ауылдардан 50 адамды жұмыспен қамтамасыз етті.