Петропавлдағы "Мұнаймаш" ААҚ өндірісті ISO-9001 стандарттарына сәйкес сертификаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдағы "Мұнаймаш" ААҚ өндірісті ISO-9001 стандарттарына сәйкес сертификаттады

Петропавлдағы "Мұнаймаш" ААҚ өндірісті ISO-9001 стандарттарына сәйкес сертификаттады

Петропавлдағы мұнайгаз кешеніне арнап жабдықтар шығаратын "Мұнаймаш" ААҚ осы өңірде "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ-нан кейін өндірісті ISO-9001 стандарттарына сәйкес сертификаттаған екінші кәсіпорынға саналды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне кәсіпорынның бас инженері Александр Савостин хабарлады.

  • 15 Шiлде 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

А.Савостиннің айтуынша, сертификат алу үшін зауытқа сапа жөніндегі кеңес пен сертификаттау, стандарттау және метрология жөніндегі бөлім құруға, материалдық-техникалық базасын, құжаттары мен іс жүргізуді ретке келтіруге, сырттан шақырылған кеңесшілермен белсенді жұмыс істеуге тура келген.

Кәсіпорынның басты мақсаты әлемдік рынокқа шығу болса, ISO-9001 стандарттары жүйесіне сәйкес сапа сертификатын алмайынша оны жүзеге асыру мүмкін емес. Сертификат Қазақстанда жұмыс істейтін АҚШ, Канада және Қытайлық кәсіпорындармен жаңа келісімдерге қол қоюға мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдаймен мұнайгаз кешені кәсіпорындарының «Мұнаймаш» ААҚ-нан өнімдер сатып алу жөніндегі келісім-шарттарының құны 150 млн. теңгеден асты.

Перейти к новостям спорта