Ақтөбе қалалық әкімшілігінде ауыс-түйістер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қалалық әкімшілігінде ауыс-түйістер болды

Ақтөбе қалалық әкімшілігінде ауыс-түйістер болды

14-шілде, сәрсенбіде Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов Ақтөбе қалалық әкімшілігіне жаңа басшысын таныстырды. Қала әкімі болып 40 жастағы Серікжан Мұқашев тағайындалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Шiлде 2004
  • 568
Фото - Caravan.kz

С.Мұқашев 1964-жылы Ақтөбеде туған, Ригадағы ұшқыштардың техникалық училищесін азаматтық авиация штурманы мамандығы бойынша, ал Бөкетов атындағы Қарағанды университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

2000-жылдан бастап С.Мұқашев Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, «Ақтөбе жылу-электр орталығы» ЖАҚ директорлары кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Алматыдағы коммерциялық құрылымдарда еңбек етті. 2004-жылдың сәуір айынан бері ол ҚР президенті әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және кадр саясаты мемлекеттік инспекциясы басқармасында мемлекеттік инспектор болған.
Ақтөбенің бұрынғы әкімі Қайырқожа Елеусізов облыс әкімінің бұйрығымен басқа жұмысқа ауысуға байланысты бұрынғы жұмысынан босатылды. Е.Сағындықовтың айтуынша, «ол облыстық әкімшілік аппаратында жұмыс істейтін болады».
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары орынтағын Глеб Щегельский де босатты. Бұл лауазымға Сәния Қалдығұлова тағайындалды. 90-шы жылдарда қала әкімінің бірінші орынбасары болып істеген ол 1999-жылы мәжіліс депутаттығына сайланды.

Перейти к новостям спорта