Бұл туралы ол өзінің әлеуметік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мынау кешегі гүлмен таласып жүрген жігіт па? Мейрамханада ішіп жеп, шот төлегісі келмеген. Қызметінен де "артқы" күнмен босатылған ба? Сонда бұлар әр жерде тегін тамақтанып, тегін керектерін алып үйренген бе? Заң жоқ па? Сонда бізді кім қорғайды?
Кейде Баха, Алмаз, Секоштардың уақытында мұндай бассыздық болмап еді ғой деп ойлаймын. Ол кезде ең болмағанда балалар мен әйелдерді ренжітпейтін. 90-шы жылдарды көргендер түсінеді", — деп жазды заңгер.
Желі қолданушылары да видеодағы ер адамның іс-әрекетіне қатысты ашу-ызаға толы пікірлерін жарыса жазуды.
"Мал, айуан ата-анасы кінәлі", "Битіне семіргендер ғой", " Адам емес, құтырған бәле. Қатаң жаза қолданылсын", — деп жазды олар.