АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі ресми сапармен Қазақстанға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі  көмекшісі ресми сапармен Қазақстанға келді

АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі ресми сапармен Қазақстанға келді

Бүгін, 15-шілдеде АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мемлекеттерімен қарым-қатынас мәселелері жөніндегі көмекшісі Элизабет Джонстың Қазақстанға екі күндік сапары басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Шiлде 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында Алматыда Э.Джонс республика үкіметі мен саяси партиялардың жетекшілерімен, журналистермен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездеседі.

Кездесуде лаңкестікпен күресті күшейту, Қазақстандағы алдағы парламент сайлауына байланысты демократияны орнықтыру және адам құқығы мәселелері талқыланбақшы.
Э.Джонс АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия мемлекеттерімен қарым-қатынас мәселелері жөніндегі көмекшісі болып 2001-жылы тағайындалған. Бұған дейін ол Мемлекеттік департаменттің жанындағы Каспий энергетикалық бассейнінің энергетика мәселелері жөніндегі аға кеңесшісі қызметін атқарды, сондай-ақ, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Германия істерін жауаптанды. 1995-1998-жылдары Э.Джонс Қазақстандағы АҚШ елшісі болды.

Перейти к новостям спорта