Алматыда ер адам қызғаныштан әйелді өлтіріп тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ер адам қызғаныштан әйелді өлтіріп тастаған

Алматыда ер адам қызғаныштан әйелді өлтіріп тастаған

Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады.

  • 11 Тамыз 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген полиция таратқан хабарламада.

ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.