Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Су тасқынында қалып қойсаңыздар, құтқаруға мүмкіндік болмауы мүмкін. Осыған орай Іле Алатауына бармағаныңыз жөн, — деп ескертті департамент өкілдері.
Сел қаупі бар жерде не істеу керек:
— таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
— егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
— сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.
«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының таулы аудандарында және оның іргелес аумақтарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты 12-13 тамыз күндері өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Кіші Алматы өзендері алабында сел жүруі мүмкін,- деп хабарлады ведомстводан.