«Семей орманы» резерваты техникасының 80 пайызы тозған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Семей орманы» резерваты техникасының 80 пайызы тозған

«Семей орманы» резерваты техникасының 80 пайызы тозған

 «Семей орманы» резерваты техникасының 80 пайызы тозған.
 

  • 13 Тамыз 2023
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 20 шілдедегі «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» 18-02/664бұйрығына сәйкес, резерваттың жабдықталуы 92 пайызды құрайды. Амортизациялық тозуына байланысты техника мен жабдықтардың 80 пайызы есептен шығаруға жатады», — деп атап өтеді министрлік агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Ведомствоның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстан Үкіметінің 2023 жылдың 15 маусымындағы қаулысымен азаматтық қорғау саласындағы 2023 -2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралардың кешенді жоспары (бұдан әрі — кешенді жоспар) бекітілді.

2023-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттен орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мұқтаждықтарына арналған кешенді жоспар бойынша қаржыландырудың жалпы қажеттілігі 68,5 млрд теңгені құрайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту жөніндегі бірінші кезектегі әс-шараларға арналған кешенді жоспар аясында осы жылға 8,2 млрд теңге көзделген. Оның ішінде резерват үшін 1,4 млрд теңге (өрт сөндіру автомобилі — 15 бірлік, шағын орман патрульдік кешені – 14 бірлік, жылжымалы көлік құралы тіркемесі – 3 бірлік, өрт тіркеме бөшкесі — 8) қарастырылып отыр. 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде табиғат қорғау және орман мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын лайықты деңгейге дейін жеткізу көзделген.