Басқармадағылардың атап көрсетуінше, мұнай дағының қайдан пайда болғаны белгісіз. Батыстан соққан жел Ақтау қаласына таяу жердегі теңіз жағалауында мұнай өнімдерінің жұқа қабатын түзген.
«Қаланы сумен қамтамасыз етуге қатер төніп тұрған жоқ»,- деп хабарлады «МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі» ЖШС-нің экология маманы Раиса Рыжкова. МАЭК тұщыту үшін теңіз суын алатын екі каналдан су сынамасы тұрақты алынуда. Ондағы концентрация шектеулі мөлшерден асқан жоқ, су жинайтын каналдарға мұнай өнімдері құйылған жоқ, деді Р.Рыжкова.
«Ақтау теңіз сауда айлағы» РМК-ның эксплуатация жөніндегі директорының орынбасары Василий Новиковтың айтуынша, қазір айлақ аумағы шамалы мөлшердегі мұнай өнімдерінен толық тазартылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, диаметрі 1 шақырымдық мұнай дағын 14-шілдеде жауынгерлік кезекшілікке шыққан ҚР ҰҚК-нің «Батыс» аймақтық басқармасының шекарашылары тауып алған. Дақты жою жұмыстары сол күні аяқталды.