Қалалық полиция бөлімі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ақшаны Жамбыл облыстық ІІБ жол полициясының жеке ротасының қызметкерлері Шымкенттен Таразға келіп кірген ВАЗ-2106 автокөлігін тексерген кезде тауып алған.
Автокөлікте отырған жолаушыдан марихуана иісі шығып тұрған дорба алынды. 5 және 10 мың теңгелік қағаз ақшалардан тұратын 360 мың теңге сол дорбадан табылды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тәркіленген ақшалардың бәрінің сериясы бірдей, жасанды болып шықты. Шымкентте сатқан тауардың төлеміне осы ақшаны алып едім, дейді иесі.
Қазір жүргізуші мен жолаушы қалалық полиция бөлімшесінің уақытша тергеу изоляторында отыр. Ақша мен дорбадан шыққан зат сараптамаға жіберілді.