Облыстық ІІБ баспасөз қызметінің өкілі, капитан Жанболат Жұмағазиннің айтуынша, бұл мақсатқа облыстық және аудандық бюджеттерден 22 млн. теңге бөлінді. «Бұрын автокөліктері жоқ бола тұра бір-бірінен шалғай жатқан елді мекендердегі тәртіпті шама-шарқынша қамтамасыз етіп келген тәртіп сақшыларының жұмысы жеңілдеп, сапасы жақсарады»,- дейді Ж.Жұмағазин.
Әрбір көлік дабыл жүйесі, рация және ақпарат тарату жүйесімен, сондай-ақ, күдіктілерді тасымалдауға арналған камерамен қамтамасыз етілген.
Полиция капитанының айтуынша, сондай-ақ, бөлінген қаржыға Хромтау аудандық ІІБ-ның басшылығы өз қызметкерлеріне арнап 20 компьютер сатып алып, жұмыс киіміне тапсырыс беріп, Хромтаудағы 6 учаске инспекторына пәтерлер сатып алды.
Қазіргі жағдаймен, Хромтау ауданында 15 полиция бөлімшесі бар.