Бұл туралы видеоны кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
""Қазақ қыздары тек қана туыс еркекке тию керек, тек сол кезде ғана қазақ араб сияқты текті болады" дейді мына жас жігіт..
Ұрпағының осылай адасып, лағып кететін білсе бабаларымыз қандай құса болар еді(((
Шын мәнінде дінге кірген барлық қазақ осыны қолдайды, қолдауға мәжбүр. Өйткені бұл Мұхаммед пайғамбардан келе жатқан үрдіс.. Бірақ бәрі бірдей белгілі уақытқа дейін ол ұстанымдарын ашық айта алмайды, әлі діңкештене қоймаған қазақ қоғамынан қорқақтайды, қарсыластарымызды көбейтіп аламыз ба деп те қорқады…
Мен бір рет Мұхамеджан Тазабекпен дастархандас болғанда ол да "Біздің ауылдың жігіттері 30 ға келгенше, анау менің руласым, мынау менің туысым деп үйленбей жүр, ақымақтар, пайғамбарымыздан үлгі алмай ма"! дегенін өз құлағыммен естіп едім
Али, Мұхаммедтің немере інісі және де күйеу баласы..
"Мұхаммед, қыздарынан Фатма'ны Али'ге, Умму Гүлсім'ді Осман(қазақша Оспан)'ға береді. Мұндай жағдайда Али мен Осман бажа болады.
Омар, қызы Хафса'ны Мұхаммедке береді. Яғни Омар Мұхаммедтің қайнатасы болып келеді.
Мұхаммед жиені, күйеубаласы Али'дің қызын Умму Гүлсім'ді Омар'ға береді. Яғни, Али, Омардың қайынатасы, Фатма болса қайынанасы болып келеді….
Омар'дан айрылған Атике'ні Мұхаммедтің жиені Хусейн алады. Мұхаммед мұндай жағдайда, Алиi'дің де Осман'ның(Оспанның) да қайынатасы болады.
Али мен Осман бажа болып келеді.
Мұхаммед Омар'дың жездесі, Омар болса Мұхаммедтің
(ҚЫЗЫ ХАФСА'ҒА БАЙЛАНЫСТЫ) қайынатасы.
Омар, Али'дің күйеубаласы және Али Омар'дың қайынатасы (ҚЫЗЫ УММУ ГҮЛСІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)…
Али, өзінің қайынатасы болған Мұхаммедтің қайынатасы Омар'дың қайынатасы.
Мұхаммед өзінің асыранды баласы ЗЕЙД'тің өгей әкесі. Зейд'тің әйелі Зейнеп болса Мұхаммедтің келіні.
Бірақ Зейнеп сонымен бірге ЗЕЙД'тің де өгей анасы болып саналады. (Мұхаммед, кейіннен өзінің асыранды баласы Зейд'тің әйелі Зейнепті тоқалдыққа алуына байланысты).
Али, Мұхаммедтің немере інісі және де күйеу баласы..
Осыны түсініп көрші", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.