«Қу қара басының қамын айтып отыр»: Президентке үндеу жолдаған Қайрат Нұртастың әкесі сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қу қара басының қамын айтып отыр»: Президентке үндеу жолдаған Қайрат Нұртастың әкесі сынға қалды

«Қу қара басының қамын айтып отыр»: Президентке үндеу жолдаған Қайрат Нұртастың әкесі сынға қалды

Танымал әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Air Astana компаниясына сын айтамын деп, елдің жаппай сынының астында қалды.

  • 16 Тамыз 2023
  • 4001
Фото - Caravan.kz

Көпшілікке оның бұл қылығы жақпай қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Нұртас Айдарбеков әуе компаниясының былықтары жайлы Президентке шағымданып, бейне үндеу жолдаған.

“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің сізге қоятын сұрағым бар. Қазақстандағы авиакомпаниялар біздің еліміздің заңына бағына ма, әлде олар тәуелсіз компаниялар ма? Мен білгім келеді. Бұл сауалды қоюымның себебі: мен авиакомпания қызметтерін жиі қолданамын. Бұл бірінші рет емес. Мысалы, 10 тамыздан 11 тамызға қараған түні сағат 1:50 кеткенде Астанадан Алматыға ұшатын “Air Astana” әуе қызметінің ұшағы таңғы бестен асқанда орнынан әрең қозғалды. Ұшақтың кешігетіні жайлы ескерту айтып, жағдайды түсіндірген ешкім болмады. Мен жолымнан қалып отырмын. Осыған кім жауап береді? Әлде олар сіздің талап-тапсырмаларыңызды ескермейді ме? “Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына” ренжідім дегендей жай халықты елемегені ғой”, – дейді Нұртас Айдарбеков.

Аталған жайтқа қатысты әуе компаниясының баспасөз қызметі пікір білдірді.

“Сәлеметсіз бе! Қолайсыздық келтіргеніміз үшін кешірім сұраймыз. Сіздің рейс техникалық себептерге байланысты кешіктірілді. Біз қауіпсіздікке үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Сондықтан ұшақтың ұшуға дайын екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана ұшырамыз. Рейстің тоқтатылған немесе кешіккен жағдайда тасымалдаушының жолаушы алдындағы жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, атап айтқанда, “Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы” Заңның 86-бабында көрсетілген. Әуекомпания жолаушылар алдындағы жауапкершілікті толығымен түсінеді және ақшаны қайтару мәселесін қарастыруға дайын. Қызмет сапасын жақсарту мақсатында немесе ақшаңызды қайтару үшін, help.airastana.com сайтында өтініш қалдыруыңызды сұраймыз”, – деп жазды олар.

Десе де көпшілік Нұртас Айдарбековтың бұл әрекетін жақтыртпаған. Олар:


«Басқа проблема жоқ па, халықтың мұң мұқтажын айтады екен десем, қу қара басымың қайғысы», «Сұрайтын нәрсені тапқан екен. Біздің Президенттің басқа проблемасы аз еді», «Қара халық автобус жол кіре , жол жөндеу деп шырылдап жүрсе , бұлар самолёт кешігіп келді дей ма?» деп жазды олар.