2004-жыл басынан бері "Альянсбанк" АҚ-ның активтері 14 млрд. теңгеге артты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жыл басынан бері  "Альянсбанк" АҚ-ның активтері 14 млрд. теңгеге артты

2004-жыл басынан бері "Альянсбанк" АҚ-ның активтері 14 млрд. теңгеге артты

2004-жылдың 1-шілдесінде "Альянсбанк" АҚ-ның активтері 64,5 млрд. теңгені құрап, жыл басынан бері 14 млрд. теңгеге артты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Шiлде 2004
  • 434
Фото - Caravan.kz

Банк баспасөз қызметінен хабарлағанындай, банк активтерінің өсімі несиелік қоржынның 41 млрд. теңгеге дейін артуы есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте жеке тұлғаларға берілген несиелер үлесі 10,2 проценттен 13,1 процентке дейін өсті.

Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша салымдар мөлшері 2003-жылғы осы мерзімдегі 3 млрд. теңге мөлшерінен 3,5 млрд. теңге дейін өсті. Жалпы алғанда банктің депозиттік қоржыны 4 млрд. теңгеге артып, 40 млрд. теңге болды.
2004-жылдың алғашқы жартысында Альянсбанктің таза пайдасы 383 млн. теңгені құрады. 2003-жылғы тиісті мерзімде бұл көрсеткіш 163 млн. теңге болған. Банк мамандарының айтуынша, банктің таза пайдасының өсім қарқыны республиканың жалпы банк жүйесінің жиынтық таза пайдасының өсімінен артық. Жалпы банк жүйесіндегі өсім 151,2 процент болса, банктің таза пайдасының өсімі 235,7 процент болған.

Перейти к новостям спорта