2004-жылдың алғашқы жартысында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 8,6 процентке дейін азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың алғашқы жартысында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 8,6 процентке дейін азайды

2004-жылдың алғашқы жартысында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 8,6 процентке дейін азайды

2004-жылдың алғашқы жартысында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 8,6 процентке дейін азайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 20 Шiлде 2004
  • 504
Фото - Caravan.kz

2003-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 1,5 процентке төмендеді. Мамандардың пікірінше, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға түрткі болған Қазақстан экономикасындағы оңды ағымдарға байланысты.

1-шілде күнгі жағдаймен республика экономикасында 7,1 млн. адам еңбек етуде. Бұл 2003-жылғы тиісті көрсеткіштен 295,5 мыңға артық. Халықты жұмыспен қамту деңгейі 91,4 процентке жетті.
Жалдамалы қызметкерлер саны 4,4 млн. адамға жетті (жұмыспен қамтылғандардың 62 проценті). Барлығы 2441,9 мың адам жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындарда осындай жалдамалы қызметкерлер саны арта түсуде. Жалдамалы жұмысшылардың 7,4 проценті ауылшаруашылығында, орман және аң шаруашылығында, 33,1 проценті өнеркәсіп және құрылыс саласында, 59,5 проценті қызмет көрсету саласында еңбек етеді.
Жылдың алғашқы жартысында өз бетімен жұмысқа қамтылған тұрғындар саны 2,7 млн. адамды немесе жалпы жұмысқа қамтылғандардың 38 процентін құрады.
Сондай-ақ, агенттіктегілердің хабарлауынша, әр аймақтағы жұмыссыздық деңгейі әр алуан болып тұр. Мәселен, Қызылорда және Жамбыл облыстарында жұмыссыздық деңгейі 10 процентті, Шығыс Қазақстан облысында 7 процентті, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тиісінше 7,2 және 7,7 процентті құрады.

Перейти к новостям спорта