2007-жылға дейін Қазақстан армиясының 65 проценті борышын келісім-шарт негізінде өтеушілерден құралады - ҚР қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылға дейін Қазақстан армиясының 65 проценті борышын келісім-шарт негізінде өтеушілерден құралады - ҚР қорғаныс министрі

2007-жылға дейін Қазақстан армиясының 65 проценті борышын келісім-шарт негізінде өтеушілерден құралады - ҚР қорғаныс министрі

2007-жылға дейін Қазақстан армиясының 65 проценті әскери борышын келісім-шарт негізінде өтеушілерден құралады. Бұл туралы бүгін, 20-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев мәлімдеді.

  • 20 Шiлде 2004
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Бұл мәселеге біз 2007-жылы қайта айналып соғып, проблемалар мен кемшіліктерді зерттеу негізінде мөлшерді көбейткен жөн бе, әлде , осы деңгейде тұрақтандыру дұрыс па деген тұжырым жасаймыз»,- деді ол. «Қазіргі жағдаймен әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен оның сапасы арта түскені ғана түсінікті»,- деді министр.

Оның айтуынша, қазір «әскери борышын келісім-шарт негізінде өтеушілердің үлес салмағы 40 процентті құрап отыр. Ал қызметке кіріскен әскер бірден 21-23 мың теңге мөлшерінде жалақы ала бастайды».
Сондай-ақ, министрдің пайымдауынша, «армияны жаппай келісім-шарт негізіне көшірудің қажеті шамалы». «Келісім-шартқа көшуде кейбір қиындықтар туындайтыны рас. Ол — резерв дайындау. Сол себепті әскери борышын мерзімді өтеушілердің біраз проценті қалғаны дұрыс»,- деді М.Алтынбаев.

Перейти к новостям спорта