ҚР Ұлттық банкі "Инфляцияға шолу" атты жаңа талдамалық басылым шығармақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі "Инфляцияға шолу" атты жаңа талдамалық басылым шығармақшы

ҚР Ұлттық банкі "Инфляцияға шолу" атты жаңа талдамалық басылым шығармақшы

ҚР Ұлттық банкі "Инфляцияға шолу" атты жаңа тоқсандық талдамалық басылым шығармақшы. Бұл туралы бүгін, 4-тамызда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 4 Тамыз 2004
  • 795
Фото - Caravan.kz

Бұл басылымда ақша-несие саясаты жүзеге асырылған макроэкономикалық ахуал туралы, баға динамикасы туралы ақпараттар мен алдағы тоқсандағы инфляцияға қатысты болжамдар жарияланады.

Ұлттық банк басшысының пікірінше, жаңа басылым тек мамандардың ғана емес, ақша-қарыз саясатына қызығушылық танытатын халық бұқараның назарын жаппай тартуы тиіс. «Біздің пікірімізше, басылымды шығару Ұлттық банк өміріндегі, сондай-ақ, жалпы қаржы саласындағы ең бір елеулі оқиға болмақ»,- деді Ә.Сәйденов.
«Жаршы», «Статистикалық бюллетень» және «Экономикалық шолу» сынды Ұлттық банктің бұған дейінгі басылымдарынан «Инфляцияға шолу» журналының басты ерекшелігі, онда ақша-қарыз саясатына кешенді талдау жасалып, инфляциялық процесстерді реттеу және бақылаудың жекелеген шараларын қолдану қажеттігі сарапталады.
Ә.Сәйденовтың айтуынша, қазір 2004-жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына қатысты пилотты жоба аяқталып, екінші тоқсанға қатысты басылым шығаруға дайындалып жатыр. Таяу уақыттарда басылымның электронды нұсқасы Ұлттық банктің сайтында жарық көреді.
«Инфляцияға шолу» басылымы әзірге тек орыс тілінде жарық көрсе, алдағы уақытта қазақ және ағылшын тілдерінде шығады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта