Н.Бордюжаның айтуынша, ҚР қорғаныс министрі М.Алтынбаев бастаған Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы қорғаныс министрлерінің кеңесі Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің жаттығуы үшін «біршама күрделіліктер туғызды». Олар Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының жұмыс мүмкіндіктерін паш етіп, барлық деңгейде шешім қабылдау мүмкіндіктерін анықтауға жол ашты. Оқу жаттығуларға әскери мекемелермен бірге сыртқы және ішкі істер министрліктері, арнаулы қызмет күштері мен Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің шекара әскерлері жұмылдырылды. Сонымен бірге БҰҰ-мен ықпалдастық мәселелері де дәйектелді.
М.Алтынбаевтың айтуынша, оқу-жаттығулардың жоспарына сәйкес Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің бөлімшелері аумағына лаңкестер басып кірген аймақ елдерінің бірінде контртеррорлық әрекеттерді жүзеге асырады. Оқу-жаттығулер штабының шешімі бойынша, ҚР Қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің төрағасы Болат Дарбеков басқарған операцияларға негізінен Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің ұлттық бөлімшелерінен 2 мыңдай адам қатысады. Оқу-жаттығуларға бронетехникалар, бомбалаушы және транспорттық авиация құралдары қатысады. Қазақстан жағынан оқу-жаттығуларға Аэроұтқыр күштердің десанттық-шабуыл бригадасы бөлімшелері, Ми-8 және Су-27 тікұшақтарының бөлімшелері қатысады.
Оқу жаттығулар кезінде содырлар тобын қоршауға алу, олар орналасқан жерлерге Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштердің бөлімшелерін десантқа түсіру, соғыс аймағынан бейбіт тұрғындарды шығару, кепілге алынған адамдарды босату, бомба тастау тәрізді оқу-жаттығулер кезінде дәйектелуі тиіс жиі кездесетін жағдайлар тәптіштелді, деді Н.Бордюжа.
Жаттығулар соңында оның идеясынан бастап бүкіл жаттығулар барысы түгелдей талданып, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының жұмыс органдарын жетілдіруге бағытталған нұсқаулар әзірленеді.