Агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлауынша, ғарыш кемесін ұшыру қалыпты жағдайда жүзеге асырылған.
Аппаратты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен 3 сағат 32 минуттан 6 сағат 32 минутқа дейін Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.