Ақтөбеде көшпелі флюорографиялық зертханалар тегін қызмет көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде көшпелі флюорографиялық зертханалар тегін қызмет көрсетуде

Ақтөбеде көшпелі флюорографиялық зертханалар тегін қызмет көрсетуде

Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау басқармасы құрт ауруының алдын алу мақсатымен тұрғындардың денсаулығын арнаулы тексеруден тегін өткізе бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау басқармасының төрағасы Нұрлан Ағзамов хабарлады.

  • 5 Тамыз 2004
  • 407
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, халық көп жиналатын Орталық стадион мен Орталық базардың жанында көшпелі флюорографиялық екі зертхана орын тепті. Бір зертхана күн сайын 500 адамға қызмет көрсете алады.

Қалалық бас дәрігердің пікірінше, бұл шара құрт ауруын алғашқы сатыда айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге қалаған адамдар басқа да ішкі дене мүшелерінің суретін тегін алуға мүмкіндік алады.
Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, тек бір ғана көшпелі рентген-зертханасының жұмыс істеуіне қалалық бюджеттен күніне 40 мың теңге бөлінеді. Маманды дәрігерлер алдағы аптаның аяғына дейін халыққа қызмет көрсеткелі отыр. Осы уақыт ішінде дәрігерлер 5 мың адамды тексеруден өткізбекші.
Бұл шара нәтижелі болған жағдайда қалалық денсаулық сақтау басқармасы оны күзде тағы бір қайталамақ ниетте.
Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі жағдаймен Ақтөбе облысында 6 мыңнан астам адам туберкулезбен ауырады. Науқастардың басым бөлігі Ырғыз және Алға аудандарында тұрады.

Перейти к новостям спорта